Облыста 4 күннің ішінде мал ұрлығына қатысты 5 қылмыстың беті ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері «Мал ұрлаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бес қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полицейлері мамырдың 15-сі мен 18-і күндері аралығында «Мал ұрлаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы режімінде жұмыс істеді. Мобильдік топтар құрылып, криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлері, ветеринария басқармасының мамандары 4 күн ішінде мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 411 автокөлікті тексерді. Нәтижесінде ветеринария саласына қатысты 28 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ сауда-саттық жүргізілетін орындар, шаруа қожалықтары, елді мекендерден алыс орналасқан мал қамайтын жерлер мен фермалар бақылауға алынды.

– Іс-шара аясында бұрын жасалған 5 мал ұрлығы анықталды, оның төртеуі өткен жылдар санатында жатқызылған. Сонымен қатар 141 солтүстікқазақстандық еркін жайылым үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаңғыбас жануар – мал ұрлаушылардың олжасына айналады, елді мекендердің сыртындағы жолдарда жануарлардың кенеттен пайда болуы жол апатына алып келуі мүмкін. Осындай жағдайлармен күрес – полиция жұмысының тұрақты бағыттарының бірі, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz