Петропавлдың 100-ден астам автобусында бейнебақылау камералары орнатылған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да полицейлер «Тасымалдаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуді қолға алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, алдын алу жұмысына баса назар аударылады. Тәртіп сақшылары жадынамалар таратады, автобустарда темекі шегуге, алкоголь ішуге және қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салатын әкімшілік заңнаманың баптарын түсіндіреді. Сондай-ақ полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларға құқық бұзушылық фактілері кезінде «102» арнасына немесе «102» мобильдік қосымшасы бойынша дереу полицияға жүгінуге кеңес береді.

СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының орынбасары Григорий Тыш «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының алаңында тасымалдаушылармен және мүдделі мемлекеттік органдармен кездесті.

– Бүгіндері облыс орталығында 100-ден астам автобус бейнекамералармен жабдықталған. Біз барлық тасымалдаушыларға осы тәжірибені енгізуге кеңес береміз. Бейнебақылау орнату – қылмыс пен құқық бұзушылықтардың «ізін суытпай» ашуға ықпал ететін тиімді құрал, демек, алдын алудың сенімді құралдарының бірі. Сондай-ақ штаттан тыс жағдайларда полицияға қоңырау шалу үшін «дабыл түймелерін» орнатқан жөн, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының орынбасары Григорий Тыш.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz