Жыл басынан облыста шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзған 21 адам түзету мекемесіне қайтарылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен жылдың тамыз айында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 39 жастағы петропавлдық құқық бұзушылыққа барды. Салдарынан полицейлер бұл азаматты түрмеге тоғыту туралы шешім қабылдады. Енді ол алдағы бір жылын түзету мекемесінде өтейді.
– 15 мамырдан бастап 1643 адам тексерілді, оның 369-ы – шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар. Олардың ішінде белгіленген шектеулердің 26 бұзушылығы анықталды. Жыл басынан сот полиция қызметкерлерінің шартты түрде мерзімінен бұрын босату шектеулерін бұзған 21 адамға қатысты өтінішін қолдады, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.