Интернет-алаяқ жазасын түрмеде өтеп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста бірнеше алаяқтыққа қатысы бар азамат темір торда жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2021 жылдың қазан айында Петропавл тұрғыны танысынан белгісіз адам ақшалай сыйақы үшін автомектепте оқымай-ақ көлік жүргізу құқығына куәлік беруге уәде беретінін естиді. “Көмекшімен” танысқаннан кейін әйел оған 120 мың теңгесін және жеке куәлігінің суретін берді — бұл құжаттарды рәсімдеу үшін қажет болды. Нәтижесінде ол ақшасынан айырылып қана қоймай, біраз уақыттан кейін оған 580 мың теңгеден астам сомаға несиелер ресімделгенін анықтады. Сол айда тағы бір қала тұрғыны “көмекші” құрығына ілікті. Алаяқ оған салық төлеуден жалтару үшін автокөлікті жалған рәсімдеуге болатын адамға мұқтаж екенін айтты. Әйел көмектесуге келісті және алаяққа өзінің фотосуреттері мен жеке куәлігін тапсырды. Ол оның атына 200 мың теңгеден астам несие рәсімдеген.

– 2023 жылдың сәуірінде бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 35 жастағы азамат алаяқтықтың 3 эпизоды бойынша сотталды. Қазіргі уақытта ол 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр. Біз адамдардан өз құжаттарын ешкімге сеніп тапсырмауды және заңсыз операцияларға қатысу туралы ұсыныстардан аулақ болуды сұраймыз, – деді СҚО ПД тергеу басқармасының бастығы Қайрат Қасымбеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz