Түнде көше кезген 22 жасөспірім ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 22 жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстың ювеналды полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Акция білім беру саласының қызметкерлерімен бірлесе жүргізілді. Тәртіп сақшылары пәтерлер мен коттедждерді, супермаркеттер мен ойын-сауық мекемелерін аралап, түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген балаларды анықтады.
Петропавл қаласының Интернационал және М.Жұмабаев көшелерінің қиылысында полицейлер 17 жастағы үш қызды тоқтатты. Белгілі болғандай бойжеткендер танысының үйінде отырып, кейін ата-анасына үйге таксимен оралатынын уәде еткен. Алайда айтқанын орындамаған қыздар үйге жаяу жетуді ойлаған. Бұл әрекеттерімен заң талаптарын бұзатындықтарын жақсы білген. Осылайша ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

– Жедел профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде осындай 22 факт анықталды. Сонымен қатар бір заңды өкілге жасөспірімнің ішімдік ішкені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапкершілік жүктелді. Заңдылықты бұзу кәмелетке толмағандардың оларға қатысты да қылмыс жасау қаупін тудыратынын түсіну маңызды. Өскелең ұрпаққа бұл туралы түсінік беру үшін оқу жылының соңында ювеналды полиция қызметкерлері мектептер мен колледждердің оқушыларымен белсенді кездесулер өткізеді, заңнама талаптарын түсіндіреді, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтады. ЖПІШ кезінде облыстың оқу орындарында барлығы 300-ден астам осындай кездесу өткізілді, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz