Жол апаты: Бір адам қаза тапты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
21 мамырда Қызылжар ауданы Соколовка ауылының маңындағы «Есіл — Петропавл» тас жолының 39 шақырымында Toyota Land Cruiser және Toyota Alphard көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан 6 адам зардап шекті. Оқиға орнында  Toyota Alphard-тағы 64 жастағы жолаушысы қаза тапты. Өзге зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, екі жүргізуші де мас болмаған. Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа орналастырылды.

ЖКО фактісі 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz