СҚО-да маусымда ауа райы құбылмалы болмақ. Жаздың алғашқы он күндігінде сынап бағанасы 26 градус жылулықты көрсетеді. Кей кездері температура +21-ге дейін төмендейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжауынша, маусымда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Дегенмен жауын-шашын мөлшері норма шамасында, яғни 37-49 милиметрді құрамақ. Бұл айда желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде.
– Бірінші онкүндіктің басында түнде ауа температурасының +8+13°С — тан +3+8°С-қа дейін, күндіз +21+26°С-тан +16+21°С-қа дейін төмендеуі күтіледі. Содан соң түнде сынап бағанасы +12+17°С дейін, күндіз +30+35°С дейін көтеріледі. Онкүндіктің соңында ауа температурасының түнде +7+12°С дейін, күндіз +18+23°С дейін төмендеуі болжанады.
Екінші және үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде +7+12°С-тан +12+17°С-қа дейін, күндіз +18+23°С-тан +25+30°С-қа дейін, кей жерлерде +35°С-қа дейін ауытқуы болжанады, – дейді СҚО бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының бөлім басшысы Дәурен Қосшығұлов.