Петропавлдағы «Динамо» стадионында Солтүстік Қазақстан облысы полиция бөлімшелерінің арнайы мекемелерінің жеке құрамы арасында шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Арнайы бөлімшелердің құрамында уақытша ұстау изоляторлары, қаңғыбастарға арналған қабылдағыш-таратқыш, айдауыл қызметінің взводы бар. Бұл қызметтер көпшілікке жария етілмейді, бірақ олардың жеке құрамы күн сайын арнайы білімді, дайындықты және дағдыларды қажет ететін күрделі және жауапты тапсырмаларды орындай отырып, қызмет атқарады. Корпоративтік рухты нығайту үшін полиция департаменті басшылығының бастамасымен осы қызметтердің полицейлері үшін алғаш рет шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.
Турнир қорытындысы бойынша үшінші орынды Тайынша ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының командасы, екінші орынды – Петропавл қаласының полициясы басқармасының уақытша ұстау изоляторының командасы иеленді. Жеңімпаз – Айыртау ауданы полиция бөлімінің УҰИ полиция командасы.
Үздік қақпашы болып қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату бөлімінің бастығы Болат Баймақанов танылды. Тайынша ауданы полиция бөлімінің УҰИ бастығы Мұрат Бекімов үздік шабуылшы атанды. Турнир финалистері бағалы сыйлықтармен, медальдармен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды.