«Ринг патшасы» атағы үшін 47 спорт ардагері таласады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Ринг патшасы – 2023» атты бокс спортының ардагерлері арасындағы жарыс өтуде. Биыл турнирге 47 былғары қолғап шебері қатысып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Ринг патшасы» додасы өңірде осымен 6-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. 4 күнге созылатын бәсекеде 35 жастан асқан спорт ардагерлері өз араларында мықтыны анықтайды. Олар 6 салмақ дәрежесінде сынға түсуде.

Жарыстың ережесіне сәйкес, әр жекпе-жек 3 раундтан тұрып, әрбіреуінің ұзақтығы 3 минутты құрайды. Биыл Қазақстаннан бөлек, Ресей және Өзбекстанның спорт ардагерлері қатысуда.

– Бір күнде шаршы алаңға 9 жұп шығады. Әр салмақта «Ринг патшасы» анықталады. Жеңімпаздарға 150 мың екінші орынға 100 мың және үшінші орынға ие болғандарға 50 мың теңге көлемінде сыйақы қарастырылған, — дейді СҚО-ның кикбоксингтен аға жаттықтушысы Әділ Нұржауыпов.

«Ринг патшасы» турнирінің финалы тамыздың 30-ы күні сағат 15:00-де өтеді деп жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz