Шахмат жарысынан облыс полицейлері арасында үздіктер анықталды, деп Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарыс Петропавл қаласындағы шахмат клубында өтті. Ішкі істер органдарының қызметкерлері шахматтан өз араларында мықтыны анықтады. Зияткерлік ойында ұлттық санаттағы төреші Александр Новичков төрелік етті.
Биыл сайысқа 14 қызметкер қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орын СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері Ілияс Оразбаевқа бұйырды. Екінші сатыға Уәлиханов аудандық полиция бөлімінің маманы Мереке Нұрышкин жайғасты. Жүлделі үшінші орынды әкімшілік полиция басқармасының өкілі Данияр Іргебаев иеленді.
Енді турнирдің жеңімпазы облыстың атынан ҚР Ішкі істер министрінің кубогына қатысады.