Көлікті заңсыз жабдықтаған жүргізушілерге жаза қарастырылған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста автокөліктерді заңсыз жолмен қайта жабдықтаудың 200-ге жуық дерегі анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО-да көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 198 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция мен көліктік бақылаудың бірлескен рейдтері бұдан әрі де тұрақты негізде жүргізілетін болады.

– Қозғалтқышы үлкен көлік жүргізушілері көбінесе автогазды қолданады. Естеріңізге сала кетейік, қайта жабдықтау рәсімі тиісті рұқсат болған жағдайда ғана мүмкін. Заңсыз қайта жабдықтау қалыпты жұмыс режимінің бұзылуына және апат қаупіне әкелуі мүмкін, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Қосымша жарықтандыру құрылғыларын орнату, шанақтың көлемін ұлғайту және “баптаудың” басқа элементтерді орнатуға мамандардың келісімімен ғана рұқсат етіледі. Өзге жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. 7-бөлім заңсыз қайта жабдықталған көлік құралын пайдаланғаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz