СҚО ПД бастығы өңірдің үш тұрғынына алғысын білдірді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың үш тұрғыны белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Динамо» стадионында Петропавл қалалық полиция басқармасының патрульдік, учаскелік бөлімшелері, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері және 6637 әскери бөлімінің қызметшілері сап түзеді. Салтанатты шараға СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов пен облыс орталығының әкімі Руслан Аңбаев қатысты.

– Күн сайн қоғамдық тәртіпті сақтауға және тұрғындар тыныштығын күзетуге полицейлермен қатар әскери қызметшілер кезекшілікке шығады. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қаланы абаттандыру мәселелерінде де тәртіп сақшыларына белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтар көмекке келуде. Олардың еңбегін біз жоғары бағалаймыз, – деген Айдан Қабдұлдинов үш белсенді қала тұрғынын Алғыс хатпен марапаттады. Малик Шигабутдинов, Сергей Сайко және Евгений Соловьев көп жыл бойы ішкі істер органдарына елеулі көмек көрсете отырып, қоғамның игілігі үшін шығармашылық жұмыстарды да жүргізіп келеді.

Қала әкімі Руслан Анбаев СҚО ПД басшылығымен және СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметовпен бірге патрульдік полиция батальоны автотехникасының жай-күйімен танысып, полицейлерге жазда ерекше назар аудару қажет бірқатар жайттарды атап өтті. Бұл – ұсақ бұзақылықтың, шыны аялдама павильондарының бүлінуінің, қаңғыбас иттердің қатысуымен болатын және су айдындарында шомылу кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz