Петропавлдағы ұлттық ұлан академиясында өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқау-сайысының екінші кезеңі өтті. Іс-шараға әскери курсанттар қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеуге үйрету. Сайыс барысында болашақ офицерлер Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, мемлекеттік тілімізді, салт-дәстүрімізді құрметтерін білдірді.
Әскерилер арасындағы сын үш айналымнан тұрды. Біріншісінде қатысушылар өздерін таныстырса, келесісінде мақал-мәтелдерді жатқа айтудан бақ таластырды. Соңғы «Көркем сөз» кезеңінде еліміздің ақын-жазушыларының туындыларынан үзінді оқып, тіл шеберлігін танытып, өз білімдерін ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын – 4-ші оқу батальоны 7-оқу ротасы 3- оқу взводы 2-бөлімшенің командирі сержант Даниил Хакаюға бұйырды. Екінші сатыға 2-оқу батальоны 4-оқу ротасы 1-оқу взводының кіші сержанты Кирилл Родионов жайғасты. Үздікті үштікті 2-оқу батальоны 3-оқу ротасының курсанты қатардағы Аюбжан Лолаев түйіндеді.