Футболдан ел біріншілігінің 11-ші турында «Қызылжар» клубы өз алаңында шымкенттік «Ордабасы» командасын қабылдады. Бұл кездесуде қонақтар 0:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл ойында қос команда қорғанысқа баса мән берді. Осыдан болар, көпке дейін екі клубтың аяқдопшылары есепті аша алмай жатты. Кездесудің тек 93-ші минутында «Қызылжар» қақпасына бұрыштама белгіленіп, шымкенттіктер әуелеткен допқа Бернардо Матич бірінші жетіп, жеңіс голын салды.
11-ші турдың қорытындысы бойынша «Қызылжар» клубы 22 ұпаймен турнир кестесінде 3-ші орнын сақтап қалды. «Ордабасы» командасы болса, екінші сатыда тұрақтады. Көш басында елордалық «Астана» клубы тұр.