СҚО-да қытайлық инвестор құрама жем өндірісін қолға алмақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қытайлық «Xian AiJu cereals Oil Industry Group Co., Ltd.» компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында қуаты 300 мың тонна құрама жем өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Зауытты тұрғызу жобасы бір жылдың ішінде іске асырылады. Инвестиция көлемі 16 млн. долларды құрайды. Кәсіпорында 50 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Зауыт ұсақ мал және құс үшін құрама жем өндірумен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын болады. Кәсіпорынның жұмысы жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін сатуға қосымша мүмкіндік береді.

— «AiJu» компаниясы 2016 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келеді, ел экономикасына 9,4 млрд теңгеден астам қаржы салды. Қытайлық инвесторлар бұған дейін бір жобаны – Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында өсімдік майын өндіретін зауыт салуды жүзеге асырған болатын, енді Қазақстандағы қызметті кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл жоба Қытай мен Қазақстан арасындағы ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы ұзақ мерзімді әріптестіктің тағы бір дәлелі болып табылады», — деді KAZAKH INVEST өңірлік өкілі Данияр Шалабаев.

Компания өнімді жергілікті нарықта сатуды, аймақтағы құрама жемге деген жоғары сұранысты қанағаттандыруды және жақын елдерге экспорттауды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz