Биыл СҚО-да 64 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында медицина қызметкерлерімен бірге түнде көлік жүргізушілердің хал-жағдайын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, түнгі жолдағы апаттарға көбіне жүргізушінің рульде ұйықтап кетуі себеп. Жүргізушілердің назарын осы мәселеге аудару үшін өңір полицейлері жедел жәрдем қызметінің мамандарымен бірге 24-28 мамыр аралығында «Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық» акциясын өткізді.

Түнгі рейд барысында көлік жүргізушілерінің шаршау деңгейі тексерілді. Қан қысымының, жүрек соғысының, сатурацияның бұзылуы – шаршағандықтың белгісі. Осындай бегілер Қостанайдан Астанаға көкөніс тасымалдап бара жатқан 36 жастағы «Mercedes» жүк көлігінің жүргізушісінен анықталды.

Оның айтуынша, сағат 6:00-де жолға шыққаннан тек бір жарым сағат қана үзіліс жасаған. Петропавл қаласы арқылы бірінші рет өтіп бара жатқандықтан, тәртіп сақшылары жол көрсетіп, оны жақын маңдағы фуралар тоқтайтын тұраққа жеткізді.

— Тек бір түнгі рейдтік іс-шарада 30-дан астам жүргізуші тексерілді. Ауыр жүк көліктерінің ғана емес, жолаушы тасымалдаушы және жеңіл көліктердің жүргізушілері де назарға алынды. Бұдан бөлек, медицина қызметкерлері дәрі қобдишаларын тексерді. Жол қозғалысының барлық қатысушыларына еңбек пен демалыс режимін сақтауды еске саламыз. Қатты шаршаған күйде көлік басқаруға мүлдем болмайды. Жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң сақтаңыздар, — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жыл басынан СҚО-да 64 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам көз жұмған, 108 адам жарақаттанған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz