26 мамырда СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеменің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz полицияға сілтеме жасап.
ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір бұл қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылып, үйқамаққа алынды.
Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер, соның ішінде ҚАЖД басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Зардап шеккен адам да — ҚАЖ қызметкері. Ол қазір Петропавл қаласының көпсалалы ауруханасында жатыр.