ҚР ҰҚК Шекара қызметкерлері СҚО-да ірі көлемдегі есірткі заттарын өткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының «Қарақоға» шекара бекетінде елімізден Ресейге 62,4 келі кептірілген марихуананы өткізу фактісі анықталды. Бұл оқиғаға қатысы бар Қазақстан азаматы ұсталды.
– Есірткі эвакуатормен тасымалданып келе жатқан көліктен табылды. Аталған факті бойынша құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, – делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.