Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінің шатырынан оқушы қыз секіріп кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл көшесіндегі 16 қабатты үйлердің бірінің шатырында қыз бала тұр деген ақпарат полицияның «102» жедел арнасына сағат 15:15-те келіп түскен. Оқиға орнына бірден полицейлер жіберілді.
– Жедел-тергеу тобының қызметкерлері қайтыс болған қыз баланың кім екенін анықтады. Алдын ала болжам бойынша, 15 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, өз-өзіне қол салған.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады, – дейді баспасөз қызметі.