Облыс әкімі Айдарбек Сапаров солтүстікқазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы құттықтау сөзін әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында жариялады.
— Ел болашағы сіздердің қолдарыңызда, біз өскелең ұрпақтың бақытты болулары, өз мүмкіндіктері мен әлеуетін іске асыруы үшін барлық жағдайды жасап келеміз.
Біздің балалар өте талантты әрі жан-жақты. Көбісі спортта, музыкада, өнерде және ғылымда өздерін танытып үлгерді. Сіздердің алар асуларыңыз алда, болашақта әлі талай жетістіктер күтіп тұр. Барлық талпыныстарда сәттілік пен сенімділік жолдас болсын. Еліміздің бетке ұстар азаматтары болуға тілектеспін, – деп жазды Айдарбек Сапаров.