Қала көшелерінің жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс орталығындағы көшелерді жөндеу бойынша ауқымды жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталып,  Абай, Назарбаев, Пушкин, Гашек және Промышленный көшелеріне жаңа жол жабындысы төселді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жұмыстың екінші кезеңі осы аптада басталады. Жоспар бойынша 89 шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалмақ. Одан бөлек 12 көшені орташа жөндеуден өткізу үшін конкурс жарияланды. Бұл – Панфилов (Ломоносов көшесінен айналма жолға дейінгі учаске), Побелянский (Панфилов көшесінен Украин көшесіне дейінгі учаске),  Украин (Караванная көшесінен Белянский көшесіне дейінгі учаске), Космодемьян (Панфилов көшесінен Украин көшесіне дейінгі учаске),

Порфирьев (Алтынсарин көшесінен 314 атқыштар дивизиясына дейінгі учаске), Крылов (Алтынсарин көшесінен 314 атқыштар дивизиясына дейінгі учаске), Жуков (Болатбаев көшесінен инфекциялық ауруханаға дейінгі учаске),  Қизатов (Шухов көшесінен айналма жолға дейінгі учаске),  Потанин (Театр көшесінен көпірге дейінгі учаске), Брусиловский (Әуезов көшесінен Егемен Қазақстан көшесіне дейінгі учаске), Назарбаев (Абай көшесінен Крепостная көшесіне дейінгі учаске),  Жамбыл (айналма жолдан Крепостная көшесіне дейінгі учаске) көшелері.

—  Конкурстық рәсімдер маусым айында аяқталады. Солнечный және Орман шағынаудандарындағы жол жабындысы мен Интернационал көшесін жөндеу бойынша жобалар сараптамадан өтуде. Жөндеу жұмыстары кезінде көшелер жабылады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бұл шаруалардың барлығы өз қаламыздың жол инфрақұрылымын жақсарту үшін жасалуда, – деді қала әкімі Руслан Аңбаев қалалық әкімдіктің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz