Қызылшаны жұқтырудың екі фактісі анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста қызылша ауруына шалдыққан екі жағдай тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, жалпы елде қызылшаға шалдығу бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Мәселен, жыл басынан бері бұл ауруды жұқтырған 715 жағдай тіркелді. Ал өңірде бес болжамның екеуі зертханалық сараптамадан соң расталды.

– Петропавлда тіркелген фактіге келер болсақ, қызылша ауруы анықталған бала қажетті екпе алмаған. Қазір ол инфекциялық бөлімнің қарауында стационарда ем қабылдауда. Оның ата-анасы профилактикалық егпе алудан бас тартты. Науқаспен байланыста болған кезде бала бұл инфекцияны жұқтырған.

Қызылша – өте жұқпалы ауыр вирустық инфекция. Қоздырғыш-парамиксовирустар тұқымдасынан шыққан вирус. Ол ауа-тамшы жолымен жұғады, шырышты қабықтарды зақымдайды, содан кейін бүкіл денеге таралады, — деді Арман Күшбасов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz