Биыл облыста 3345 мектеп оқушысы үшін соңғы қоңырау соғылды. Бұл жан тебірентер сәт Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавлдағы орта білім ордаларында салтанатты шаралар өтіп, түлектер үшін соңғы қоңырау сыңғыры естілді.
№ 8-ші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінде 1300-ге жуық бала оқиды. Оның 46-сы биыл түлек атанды.
– Мектебімізде дәстүрлі соңғы қоңырау мерекесі ұйымдастырылды. 46 түлегіміздің біреуі «Алтын белгі» медалін алуға және екі оқушымыз «Ерекше үлгідегі аттестаттан» үмітті. Жақын арада мемлекеттік емтихандар өтеді. Бұл сында олар 11 жыл бойы оқыған білімдерін тексеріп, лайықты бағаларын алады, – дейді № 8-ші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің директоры Әйгерім Уәлиева.
Жалпы облыста мектеппен қоштасатын 3 345 түлектің 109-ы – «Алтын белгіге» және 200-і – «Ерекше үлгідегі аттестаттқа» үміткер.