Жаңа қоқыс контейнерлері

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл әкімдігі 100 еуроконтейнер сатып алып, оларды қоқыс шығаратын ұйымдарға тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінһ қоқыс шығаратын кәсіпорындарды қолдап, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға контейнерлер сатып алу қажеттілігі туындағанын айтады.

— Қоқыс шығаратын компаниялар дағдарысты бастан кешуде. Тариф бес жыл бойы көтерілмеді. Кәсіпорындар шығынмен жұмыс істейді, соның салдарынан техниканың жиі бұзылуы орын алады. Сондықтан компаниялардың қаржылық жағдайы қалпына келгенге дейін қала әкімдігі қолдау көрсететін болады. Жаңа еуроконтейнерлерді сатып алу – жақсы көмек. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға көмектеседі, — деп түсіндірді қала әкімдігінің мамандары.

Әкімдік 100 еуроконтейнерді «КоммунСевер», «Мюлсервис» және «Чистый Петропавл» компанияларына пайдалануға берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz