Балықтардың қырылу себебі анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста сәуір айында Тереңкөл көлінде тұқы балығы қырылған болатын. Бүгіндері оның себебі анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық экология департаментінің мәліметінше, Тереңкөлдегі балықтардың қырылуына – су қоймасындағы таяз учаскелердің қатып қалуы себеп.

— Тереңкөл көліндегі мұздың қалыңдығы 1-1,5 метрге дейін жетті. Салдарынан көктемде кейбір учаскелер ерімеді. Салдарынан балықтар қырылды. Ал су қоймасын жалға алушы жануарлар дүниесін қорғау, балық өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін табиғатқа келтірілген залалды өтейтін болды, — деп хабарлады экология департаментінің мамандары.

Жалға алушыға көлдің гидрохимиялық режімін жақсарту үшін су қоймасына тұрақты мониторинг жүргізу, артық өсімдіктерді шабу және аэрация жүргізу бойынша мелиоративтік жұмыстар жүргізу ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz