СҚО-да «Динамо» спартакиадасы аясында жүгіруден жарыс өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жүгіруден құқық қорғау органдарының қызметкерлері сынға түсті. Жарыс екі жас санаты бойынша өтіп, ерлер 2400 метр, әйелдер 1200 метр қашықтыққа жүгірді.
Жарыс жолына шыққан 30 жастан асқан әйелдер арасында мәре сызығын ҚР Ұлттық ұлан академиясының өкілі Әйгерім Ниязтайқызы бірінші болып кесіп өтті. Осы жас тобындағы ерлерде СҚО ПД аппаратының өкілі Саят Илюбаев жеңімпаз атанды.
30 жасқа дейінгі топта қыздар арасында бірінші орынды мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілі Дарья Фельдман иеленсе, ерлер арасында ҚР Ұлттық ұлан академиясының өкілі Мақсұт Мұратбеков жеңіске жетті. Ал командалық есепте Ұлттық ұлан академиясының қызметкерлері үздік танылды. Екінші сатыға 6637 әскери бөлімінің командасы жайғасты. МКҚБ полицейлері үздік үштікті түйіндеді.