Петропавл полицейлері қалалық су айдындарында 9 мас адамды ұстады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері өткен демалыс күндері қалалық су айдындарында 9 мас адамды анықтады, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Ыстық күндері Петропавл полицейлері мен ТЖД қызметкерлері судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған бірлескен рейдтер жүргізіп жатыр. Олар қалалық жағажайда және Пестрое көліндегі демалушылармен профилактикалық әңгімелер өткізеді. Сондай-ақ назар аударарлық аймақта – Есіл өзенінің жағалаулары мен қала шегіндегі шағын су қоймалары бар.

 

Тек тексерілген, қалтқылар мен кезекші құтқарушылар қойылған арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға рұқсат етілетінін полицейлер еске салады. Мас күйінде шомылуға қатаң тыйым салынған. Өкінішке қарай, барлық петропавлдықтар су қоймаларына сау күйінде демалуға келе бермейді. Мысалы, өткен демалыс күндері осындай рейдтер барысында полицейлер ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас күйінде болу фактілері бойынша 9 хаттама толтырды. Әрбір осындай факт қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар белгіленбеген жерлерде шомылғаны үшін 34 петропавл тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

 

– Жазғы демалыс кезінде судың жанында балалар мен жасөспірімдер жиі кездеседі. Олардың қауіпсіздігі — рейдтерге қатысатын ювеналды полиция қызметкерлерінің бірінші кезектегі міндеті. Кәмелетке толмағандарды белгісіз жерлерде шомылдырудың 6 фактісі анықталды, ата-аналар ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Ата-аналардан кәмелетке толмаған балалардың жазатайым оқиғалар мен ықтимал қылмыстық әрекеттер қаупінен қорғау үшін оларды бос уақытында бақылауды сұраймыз, – деді Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz