Маусымның 5-і күні сағат 09:40 шамасында Петропавл тұрғыны үш жасар немересінің жоғалып кеткені туралы полицияға хабарласқан. Әйел сәбиді қалалық емханалардың бірінің дәлізінде телефонмен қалдырып, өзі дәрігердің қабылдауына кіріп кеткен, осы уақытта қыз бала белгісіз бағытқа кетіп қалған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Полицейлер дереу жоғалған баланы іздеуге кірісті. Араға 20 минут салып, учаскелік инспекторлар, ювеналды полицейлер, патрульдік полиция батальоны мен өзге бөлімшелер қызметкерлерінің күшімен балғын табылды.
363 автомобиль патрулі экипажының полицейлері Азамат Темірханов пен Бақтияр Дощанов айналадағы аулалардың бірін аралап, жылаған баланың дауысын естіп қалады. Сәби көпқабатты үйдің төртінші қабатынан табылды. Әже немересіне берген телефонға қоңырау шалуды тоқтатпағанын атап өткен жөн. Тәртіп сақшылары қоңырауға жауап беріп, іздеудің сәтті аяқталғанын хабарлады. Полицейлердің қолында нәресте тынышталып, көп ұзамай әжесіне тапсырылды. Оқиға орнына келген Петропавл қаласы ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары Жақсылық Байбусинов қала тұрғынымен профилактикалық әңгіме жүргізді.