Петропавлда есірткі таратқан қала тұрғыны ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда белгіленген жерлерде синтетикалық есірткіні жасырумен айналысқан 22 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні Мичурин көшесінде құрықтады. Жігіттен ұнтақ тәріздес зат пен 36 полимерлік түйіншек тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, 21 түйіншекте «мефедрон» психобелсенді заты, 15-нде «тұз» деп аталып жүрген α-PvP заты болғаны анықталды. Алынған синтетикалық есірткілердің жалпы салмағы 28,08 грамды құрады, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілді.

— Жыл басынан бері облыста есірткі сатты деген күдікпен 35 адам ұсталды. Тәжірибе көрсеткендей, орта есеппен бес есірткі таратушының төртеуі синтетикалық есірткімен айналысады. Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК 297-бабының санкциясына сәйкес өткізу мақсатында есірткі сақтағаны үшін 10 жылға дейін, ірі мөлшерде – 12 жылға дейін, аса ірі мөлшерде — 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz