Ауылдағы ағайын суға зәру

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл сайын облыста таза ауыз  сумен қамтылған елді мекендердің саны артып келеді. Биылдың өзінде бұл мәселені шешу мақсатында 18 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өкініштісі, өңірдің кей ауылдарында тұрғындар тіршілік көзін уақыт кестесі бойынша алып жатыр. Мұны облыс басшысы әкімдіктің кезекті отырысында айтып, мәселені шешу қажеттігін ескертті.

– Ауылдарды сумен қамтамасыз еттік, миллиардтаған қаржы жұмсадық. Неліктен адамдар суды кесте бойынша алады? Иә, жазда сұраныс артады.  Бірақ халық  ақшасын төлеп отыр ғой, – деді  өңір басшысы  Айдарбек Сейпілұлы.

Мамандардың айтуынша,   кейбір таза су   қоймаларының     істен шығуы  немесе қараусыз қалуы осы мәселені ушықтырып отыр.  Қазіргі таңда  ауыл тұрғындары   суды тікелей магистральдан алады екен.

– Су қоймасынан тәулік бойы  тіршілік көзін алуға болады. Ал ертең  магистральда қандай да бір апат болса,  тұрғындар мен өрт сөндірушілер суды қайдан алады? Бұл мәселені  шешуге болады.  Тек жергілікті жерде ешкім жұмыс істеп жатқан жоқ.  Халықтың  шағымы орынды.   Тез арада комиссия құрып, осындай мәселелер  туындаған Қызылжар, М.Жұмабаев, Аққайың, Мамлют аудандарына баруды тапсырамын. Салаға жауапты Қызылжар және Аққайың аудандары әкімінің міндетін атқарушылырға, Мамлют және М.Жұмабаев аудандары әкімінің орынбасарларына сөгіс жарияланды. Халықты қинауды доғарыңыздар,  – деді  облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz