800
Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, — делінген құжатта.