«Қалыңдық үйі» қайта жөндеуден өтпек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ХІХ ғасырда Халит Янгузаров қызыл ағаштан қиып салған, ел аузында “Қалыңдық үйі” аталып кеткен екіқабатты еңселі ғимарат екінші рет қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2013 жылы «Көпес Янгуразовтың үйі» немесе халық арасында «Қалыңдық үйі» аталып кеткен бірегей сәулет ескерткішін қайта қалпына келтіруге республика қазынасынан 60 млн. астам теңге жұмсалған еді. Бұл қаражатқа шатыры ауыстырылып, үйдің қасбеті, іші жөнге келтірілгендей болатын.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Рақат Мәмбеталиновтың айтуынша, ғимаратты жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаты дайын. Ендігісі облыстық мәслихаттың шешіміне байланысты. Ғимараттың шатырын, қасбетін жөндеп, инженерлік желілерді тарту үшін  70 млн. теңге қажет екенін айтқан орталық басшысы бұл жолы  жұмыстардың барлығы қатаң бақылауда болатынын айтып сендірді.

Қалпына келтірілген соң «Қалыңдық үйін» көркем фильм, фотосессия түсіруге жалға беру жоспарда бар. Түскен ақшаны ғимаратты күтіп-ұстауға жұмсамақ.  Былтыр мұнда «Жағжан.Жаралы жолбарыс» атты тарихи сериал түсірілген екен.

Нысанның өз тарихы мен бірегей архитектуралық келбеті бар. Ғимарат модерн стилінде тұрғызылған. Көне ғимараттың қабырғалары биік, емен есіктері мен үлкен терезелері сақталған. Иран плиткалары орнында тұр.

Көне баспананың салынуы, әулеттің кейінгі тағдыры жайлы әңгімелер көп. Кей деректерде суық қарумен қаруланған баскесерлер Янгузаровтардың отбасын тонау мақсатымен қарақшылық шабуыл жасапты-мыс. Көрер жарығы бар 16 жастағы Халит ғайыптан аман қалады. Ол кейін Мәскеуге келіп, Хұсайын Бурнашев деген саудагердің қарамағында қызмет істейді. Оның айдай сұлу қызы Гүлсімге көзі түсіп, есі кетердей ғашық болады. Байдың бір жыл тегін жұмыс атқарсаң, тілегіңді орындаймын деген талабына мойынсынып, уәделі мерзім біткен соң қалыңдығын елге алып қайтады. Содан итальялық шеберді алдырып, жан жарына арнап ерекше сый жасайды. Көрген адамның көз жауын алатын әсем үй мәрмәр тастармен, қыш тақталармен, керамикамен өрнектеліп, ішіне шетелден асыл бұйымдар мен жиһаздарға толтырылады. Енді бір әпсана бойынша үйлену тойына санаулы күндер қалғанда қалыңдық аяқасты қайтыс болып, соның құрметіне салынған деседі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz