Биыл оңтүстіктен солтүстікке 2660 адам келіп, 138 қандас қоныс аудармақшы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері өңірге күнгейден 899 және 84 қандас қоныс аударып, қажетті қаржылық көмек алып, баспанамен қамтылды.
– Биылдан бастап қоныс аударушыларға экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үйді сатып алуға, тұрғызуға немесе баспананың алғашқы жарнасы ретінде қаражат ұсынылады. Сондай-ақ солтүстікке келгендер «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының қатысушы болып, тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуі шарт, – дейді СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы облысқа күнгейден 2556 адам, 129 қандас қоныс аударып, мемлекеттен қарастырылған тиісті көмекке қол жеткізді.