Ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен диқандарға мемлекеттік органдар көмек көрсетеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов уәкілетті органдарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету жұмыстарын дереу бастауды тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия келесі шараларды қабылдауды ұсынды:

  • форвардтық сатып алу аясында «Азық-түлік корпорациясының» сатып алу бағасын 3 класты бидай үшін 120 мың теңге және 4 класты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгілеу;
  • форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша фермерге міндеттемелерді айыппұл төлемдерінсіз ақшалай қаражат арқылы немесе 1,05% не 5% коэффициент бойынша 3 класты бидайды 4 класқа ауыстыру арқылы орындауға мүмкіндік беру;
  • міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін банк сыйақыларын 3% көлемінде өтей отырып, шартты орындау мерзімін 1 жылға ұзартуға мүмкіндік беру.

Министр аталған шаралармен бірге фермерлер «Азық-түлік корпорациясының» астықты, әсіресе жемдік бидайды егіншілерден тікелей сатып алу мәселесін көтеріп отырғанын атап өтті. Бұл астық нарығына әсер етуге және сол арқылы астық өндірушілердің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Айтылғандарды ескере отырып, 350 мың тонна көлемінде астықты келесі бағамен сатып алуды жүзеге асыру ұсынылды: 4 класты бидай үшін – 105 мың теңге, 5 класты бидай үшін – 90 мың теңге, класқа жатпайтын бидай үшін – 70 мың теңге.

Бұл ретте, сатып алу бюджеттен тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.

Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссия мүшелері ұсынылған шараларды қолдады. Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету жөніндегі жұмысты дереу бастауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz