Республикалық маңыздағы жолдардан 77 ақау табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» облыстық филиалының мамандары республикалық маңызы бар жолдардың жағдайын және көше жолдарын жөндеу жұмыстары мен материалдарының сапасын 108 рет тексеріп, 77 ақау анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Анықталған олқылықтардың 25-і өрескел болса, 28-і – елеулі ал, 24-і ұсақ кемшіліктер. Негізгі ақаулар мен ескертулер облыстық маңыздағы жолдардың кепілдік нысандарына және республикалық жолдардың көктемгі-жазғы күтіміне байланысты болды.

«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» облыстық филиалының директоры Жолдыбай Тентековтың айтуынша, жолдардың жұмыс сапасын таңдамалы түрде сараптау кезінде жол жабындарының отыруы, жарылуы, қабыршақтануы сияқты ақаулар анықталды. Мұндайда филиал қызметкерлері ақауларды дұрыстау үшін тапсырыс берушілерге нұсқамалар жолдады.

— Сәуір айынан маусым айының алғашқы он күндігіне дейінгі аралықта жол-құрылыс материалдарының 262 сынамасы алынды. Олардың 72-сі нормативті-техникалық құжаттардарың нормасына сәйкес келмейтіндігі анықталды. Жалпы пайдаланудағы және елді мекен көшелеріндегі жолдар сапасын сараптау жұмыстары бақылауда, — дейді Жолдыбай Тентеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz