СҚУ студенттері 2018 жылдан бері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасын жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тың жоба университет түлектерінің мемлекеттік қызметке түсуге мүмкіндіктерін арттырады. «Мемлекеттік қызмет мектебі» ашылғалы бері 80-ге жуық студент дәріс оқып, білімдерін жетілдірді. Биыл олардың 23-і арнайы сертификатқа қол жеткізді.
Бұл мектепте «Құқықтану», «Қаржы», «Туризм» білім беру бағдарламалары бойынша студенттер білім алуда. Оқу кезеңінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының СҚО бойынша филиалының базасында балалар Қазақстан Республикасының заңнамасын зерделеп, БАҚ-пен, халықпен өзара іс-қимыл бойынша түрлі тренингтер, сондай-ақ облыстың мемлекеттік органдарында тағылымдамадан өтті.