Заңсыз тасымалдаушылардың кінәсінан 2 жол-көлік оқиғасы орын алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста заңсыз тасымалдаушылардың қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы 5 айда облыста 99 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10 адам қаза тауып, 148 адам жарақат алған. Апаттың себептері – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу.

Биыл заңсыз тасымалдаушылардың қатысуымен 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Солардың бірінде небәрі 2 жыл жүргізу өтілі бар 20 жастағы «Toyota Alphard» жүргізушісі Қызылжар ауданының аумағында апатқа жол берді. Салдарынан 5 адам ауыр жарақат алды, жолаушы әйел қайтыс болды.

– Жергілікті полиция қызметі басқармасы СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп заңсыз тасымалдаушыларды анықтау бойынша рейдтер жүргізуде. Жыл басынан бері кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны үшін 21 әкімшілік хаттама толтырылды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің сақталуын бақылауды күшейту – полицияның маңызды міндеттерінің бірі, – деді Айдын Байматов.

Талқылау барысында кездесуге қатысушылар заңсыз тасымалдаушыларды анықтаудың бірлескен алгоритмін әзірледі. Қорытындылай келе, Айдын Байматов оң нәтижеге қол жеткізу мүдделі органдар мен жұртшылықтың бірлескен күш-жігерімен ғана мүмкін екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz