Мамандық таңдағанда жаңылмау керек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан университеті колледжінде еркін форматта  кездесу өтті. Мұнда арнайы шақырылған меймандар студенттерге кәсіптік бағдар берді,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан университетінің колледжінде 424 студент білім алып жатыр.

Кеңес беру, тестілеу және нәтижелерді талқылау жастарға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және болашақта жұмысқа ойдағыдай орналасуға көмектеседі.

Кәсіби бағдар оқушының қызығушылығы мен қабілетін зерттеуге, оны мамандықтармен таныстыруға және таңдауға, сондай-ақ ынталандыруға бағытталған. Бұл еңбек нарығының дағдылары мен қажеттіліктерін ескере отырып, қызмет саласын өзгертуге немесе біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді.

– Сендердің алдарыңнан әлі көп проблема шығады. Мұндай жағдайда еңсені түсіруге болмайды. Алға қойған мақсатқа жету қажет. Адам   бойындағы қабілетін бала кезден дамытқаны  жөн. Сонда биік белестерді бағындыру жеңілдейді,  – деді облыстық ішкі саясат басқармасы қоғамдық даму және ақпарат орталығының нұсқаушысы Сәлімхан Сәбитов.

Кездесу кезінде оқуға түсу ережелері туралы толық ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды. Колледж студенттерінің жатахана мәселесі, ондағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары, ақылы оқу, босаған грантқа ауысу, университетке түсу емтихандары сынды сұрақтарына толық жауап берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz