Петропавлда маусымның 23-і күні Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерей-тойына арналған «Тұранның тұғырлы тұлғасы» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Халықаралық айтыс С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында сағат 14:30-да ұйымдастырылады. Биылғы ақындар додасына Қазақстаннан бөлек, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерінен 16 жүйрік қатысады, олардың қатарында елге танылған Айбек Қалиев, Еркебұлан Қайназар, Рүстем Қайыртай сынды мықтылар бар. Облыс намысын Жарқын Жұпархан мен Жұмабек Рахимов қорғайды. Бас жүлде – «темір тұлпар». Айтыстың жүргізушісі – Аманжол Әлтай.