Петропавлдағы заманауи аурухана 2025 жылы қолданысқа беріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда облыстық көпсалалы аурухананың құрылысы биыл жанданып, 2025 жылы пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Айдарбек Сапаров заманауи аурухана жобасының құны 144 млрд. теңгені құрап отырғанын алға тартып, қазіргі уақытта нысанның жобалық-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізіліп жатқанын айтты.

– 2019 жылы Денсаулық сақтау министрлігі мен инвестор арасында 480 жатын орынға арналған көпсалалы аурухана салу туралы меморандум жасалды. Жобалық құны мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 144 млрд. теңге болды. 2020 жылы біз жер телімін бөлдік, 2021 жылы құрылыс басталды. 2022 жылы – құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты тоқтатылды. Жоба қайта қаралуда, бірақ құны өзгеріске ұшырамайды. Жоспарланған кейбір жұмыстар алынып тасталуы мүмкін, — дедйі Айдарбек Сапаров.

Тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін жобаның құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.

– Кейін тиісті жұмыстар жанданып, 2025 жылға қарай аурухананың құрылысын аяқтаймыз деп ойлаймын. Бүгінгі уақытқа дейін ғимараттың 45 пайызы дайын, — деді Айдарбек Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz