Шетелге ұша алады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Келер жылдан бастап өңір тұрғындары Петропавлдан шетелге ұшу мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен жылы Петропавл халықаралық әуежайы сенімгерлік басқаруға берілгенін атап өткен жөн. Қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кейбір мәселелер шешіле бастады. Әзірге облыстан шетелге қатынайтын рейстер жоқ.

— Әуежайға қатысты біраз мәселелер болды. Ол бастапқыда мемлекет меншігінде еді. Кейін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданды. Енді ақырындап, түйткілді сұрақтарға жауаптар табылуда. Қазір жалақыға қатысты проблема жоқ. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әуежайдың халықаралық мәртебесі бар. Олар қазір халықаралық рейстер бойынша келіссөздер жүргізілуде. Егер барлығы сәтті болса, келер жылдан тұрғындар шетелге шыға бастайды, — деді облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz