Солтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы экстракорпоральды ұрықтандырудың көмегімен 20 бала дүниеге келсе, өткен жылы 103 нәресте өмір есігін ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Лариса Гордееваның айтуынша, 2021 жылдан бері ЭКО-ға 200-ге жуық квота берілді.

– Өткен жылы облыста 103 бала дүниеге келді, оның 16 — сы егіздер. Бұл 2021 жылы процедурадан өткен жұптарда туған сәбилер. Осы жылдың 1 тоқсанында – 20 келіншек босанды. Процедура міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметтерінің тізіміне кіреді. Сондықтан сақтандырылған пациенттер оны тегін ала алады. ЭКО-ның бір циклі 1,2 млн. теңгені құрайды, — деп атап өтті Лариса Гордеева.

Жалпы МӘМС аясында көрсетілген медициналық қызметтер саны айтарлықтай өсті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz