Пияз экспорттау үшін 15 мың тоннаға арналған квота қалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Пиязды елден шығаруға салынған шектеу алынып тасталғаннан бері 34 кәсіпкер квота шеңберінде экспорттауға рұқсат алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі таяуда пияз экспортына салынған шектеудің күшін жойды. Алайда, шет елге шығаруға 20 мың тонна көлемінде квота белгіледі.

Ведомство ақпаратына сай, 13 сәуірге дейін 34 кәсіпкер 4 828 тонна пиязды өзге мемелекеттердің нарығына шығаруға рұқсат алған. Квота бойынша енді 15 171 тонна қалып отыр.

Тоқтала кетсек, жақында жауапты министрлік 28 сәуірге дейін Қазақстан аумағынан 20 000 тонна пиязды үшінші мемлекеттерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге квота енгізген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz