Николя Винокуров әкесінің жолын жалғады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Талдықорған қаласында ұйымдасты­рылған тас жолдағы велоспорттан жекелей жарыстың жеңімпазы атанған Алексей Луценко спартакиаданың соңғы күніндегі топтық жарыста да алдына жан салмады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

164 ша­қы­рымға (5 айналым) жалғасқан жарыс­та ұлттық құраманың көшбасшысы, Сол­түстік Қазақстан облысының өкілі Алек­сей Луценко мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орынды жеңімпаздан 2 ми­нут 5 секундқа қалып қойған Ақмола облы­сы­ның велошабандозы Евгений Гидич иеленсе, үздік үштікті Солтүстік Қазақстан облы­сының тағы бір спортшысы Даниил Марухин түйіндеді.

23 жасқа дейінгі велошабандоздар ара­сындағы бәсекеде Лондон Олим­пиа­дасының чемпионы Александр Вино­куровтың ұлы Николя Винокуров (СҚО) Қазақстан чемпионы атанса, Андрей Ремхеге (Алматы облысы) күміс жүлде бұйырды. Қола жүлдені Өркен Сламжанов (Жетісу облысы) иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz