Маусымның 28-і күні СҚО-ның барлық мешіттерінде Айт намазы оқылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Маусымның 28-і күні таңғы сағат 7:00-де өңіріміздің барлық мешіттерінде Айт намазы оқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшада ақпарат таратты.

— Мұсылман қауымның қасиетті мерекесіне орай облыс тұрғындары маусымның 28-і, 29-ы және 30-ы күндері құрбандыққа мал шала алады.

Қызылжар қаласы Садовод базарына жақын Косманавт көшесі №2 жер учаскесінде (заңды нөмірі №79) құрбан малын шалуға арналған орын белгіленді. Санитарлық және экологиялық талапқа сәйкес дайындалған орында барлық жағдай жасалған.  Аталған орында жеке адамдардың мал сатуларына да рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, «QURBAN -2023» сайтына кіріп СҚО-ы Петропавл қаласын немесе аудандарды таңдау арқылы онлайн өтініш беруге болады, — делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz