Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 2022 жылы қартаю индексі 28,2 пайызды құрады. Осылайша бір жылдың ішінде көрсеткіш 1,6%-ға өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 азамат келеді.
— Қартаюдың ең жоғары индексі Шығыс Қазақстан облысында, ол 56,9 пайызды құрап отыр. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы – 56,3, бірінші үштікке Қостанай облысы да кіреді, — делінген хабарламада.
Ең «жас» аймақ Маңғыстау облысы болды, онда соңғы 10 жылда туу коэффициенті жоғарылаған.