Петропавлдағы жертөледен бір центнерден астам марихуана табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Петропавл қаласының 36 және 48 жастағы екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Күдіктінің бірі тұратын Гоголь көшесіндегі үйінің жертөлесінен полицейлер 4 қап өсімдік тектес затты тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, бұл жалпы салмағы 113 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу жүріп жатыр, полиция қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі мөлшерінің шығу тегін анықтауы керек.

Бұл облыста жыл басынан бері тәркіленген марихуананың екінші аса ірі партиясы. Теориялық тұрғыдан алғанда, тәркіленген салмақ Петропавлдың барлық тұрғындарын нашақорлыққа тарту үшін жеткілікті. Естеріңізге сала кетейік, есірткі сатқаны үшін аса ірі мөлшерде 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Жыл басынан бері облыс полицейлерімен 600 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz