Облыста 49 заңсыз полигон анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл өңір экологтары рұқсат етілмеген 49 қоқыс полигонын анықтады, тағы 20-сында үйінділер тиісті аумақтан шығып кеткен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Экология департаментінің басшысы Азамат Бектасовтың мәліметінше, былтыр «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ деректері бойынша осындай рұқсат етілмеген 232 орын анықталған. Ведомство жергілікті атқарушы органдардың атына заңсыз полигондарды жою қажеттілігі туралы хат жолдады, нәтижесінде рұқсат етілмеген қоқыс орындарының 98%-ы немесе 224-і жойылды.

— Биыл «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мәліметтері бойынша облыс аумағында қоқысты заңсыз төгудің 69 орны анықталды, оның 20-сында тұрмыстық қатты қалдықтар белгіленген шекараларды бұза отырып төгілген. Бүгінгі таңда 32 полигон жойылды. 7-уі бойынша ақпарат расталмады, — дейді Азамат Бектасов.

Департамент басшысының айтуынша, министрліктің тапсырмасына сәйкес ведомство мәселені шешудің жоспарын әзірледі. Осы жоспарды орындау аясында мобильді жұмыс тобы құрылды, оның құрамында экология департаментінің, полиция департаментінің, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері және қоғам өкілдері бар.

— Мобильді жұмыс тобы Петропавл бойынша, Қызылжар ауданына, Аққайың ауданына, Мамлют және М. Жұмабаев аудандарына барып, жағдайды көрді, рұқсаты жоқ полигондарды анықтады. Былтыр осындай жұмыс барысында мобильді топ қалдықты заңсыз төккен 106 орынды тапты. Оның 96-сы жойылды. Биыл қызметкерлер рұқсат етілмеген 60 қалдық төгу орнын, оның жартысы Петропавлда орналасқан, анықтап, 20-сы жойылды, — дейді Азамат Бектасов.

Маманның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыратын жаңа полигондар салу қажет.

Сондай-ақ, қалалық және ауылдық елді мекендерде полигондарды ресімдеу мен салуды жеңілдету мақсатында оның типтік қағидаларын әзірлеуді ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz