Облыстың 9 мың тұрғыны атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы облыстың әлеуметтік қорғау саласына 4 млрд. 639 млн. теңге бағытталды. Нәтижесінде 9 мыңға жуық өңір тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық қаржы басқармасының мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізгендердің 5401-і кәмелеттік жасқа толмағандар.

— Жыл сайын халықты әлеуметтік қорғау саласына ерекше көңіл бөлініп, қыруар қаржы бағытталады. Былтыр үйде көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер 3739 балаға қолжетімді болды. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен 20 азаматқа арнайы көмек берілді. Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулықтарын оңалтуға бағытталған шаралар 8558 адамды қамтыды. Нәтижесінде мүгедектер санаторлық-курортық емдеуге жіберіліп, протездік-ортопедиялық құрал-жабдықтар сатып алынды, — дейді СҚО қаржы басқармасының жетекшісі Наталья Дышкант.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz