СҚО-да 140-қа жуық заңсыз полигон жойылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста қоқыс шығарылған 163 заңсыз полигон анықталып, бүгіндері оның 140-қа жуығы жойылды. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Нұркен Шәрбиевтің айтуынша, өңірдегі экологиялық жағдай тұрақты. Мәселен, қазіргі уақытта облыстың полигондарына айналаны ластаушы қоқыстың 25,7 мың тоннасы шығарылды. Бұл көрсеткеш өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызғка төмен болып отыр.

Бұдан бөлек, министрліктің өкілі биыл аймақта табиғатты қорғау мақсатында үш жоба жүзеге асатынын алға тартты. Бұл үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 200 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінбекші.

– Орман шарушылығы саласында президенттің республика бойынша 2 млрд. ағаш отырғызу бастамасы аясында 2022 жылы жоспарланған 1700 гектардан 1764 гектар яғни, 7 миллионнан астам ағаш егілді. Биыл 4100 гектар алқапқа 23 млн. дана ағаш отырғызу жоспарланған. СҚО-да балық шаруашылығы саласын дамытудың орасан зор әлеуеті бар. Облыста өткен жылы балық өндірісінің әлеуетін жақсартуға бағытталған бағдарламаға сәйкес 700 тонна өндіру жоспарланды , бірақ бұл көрсеткіш 986 тоннаны құрады. Ал биылғы бағдарлама бойынша 800 тонна балық өндіру жоспарда бар, – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz